Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1313 Қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 29 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 мая 2013

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар  проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 1313 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына сәйкес, этносаралық қатынастарды мақсатты және жүйелі түрде зерттеу бойынша қажетті ұйымдастыру-құқықтық жағдай жасау, сондай-ақ Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін дамыту және өркендету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні ғылым және мәдениет саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 40 мекен-жайында орналасқан «Достық үйінің» ғимаратын ондағы мүлікпен қоса кәсіпорынның жарғылық капиталына берсін.

5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

2) кәсіпорынды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Өзге де ұйымдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 48-жолмен толықтырылсын:

«48. Достық үйі - Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами