Введите номер документа
Прайс-лист

«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 24 февраля 2014
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 сентября 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 654 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 24 ақпандағы

№ 140 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тарих және мәдениет ескерткiштерiнде археологиялық және (немесе) ғылыми-рестраврациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөнiндегi қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресiмдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші, кеңсе не www.elicense.kz

«Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);

3) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;

қайта ресімделген лицензияны беру - 10 (он) жұмыс күні.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами