«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 605 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
«Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, оларға өзгерістер, түзетулер, толықтырулар енгізу, азаматтық хал актілерінің күшін жою және қалпына келтіру қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келетін жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес жүргізеді.
Жеке басын куәландыратын құжат иесінің құқықтық мәртебесіне сәйкес келмеген жағдайда, жарамсыз болып табылады және ол Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына тапсырылып, ауыстырылуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат ұсынылады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматы, шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын ұсынады.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының белгісі бар азаматтығы жоқ адамның куәлігін көрсетеді.