«Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 6 сәуірдегі № 54 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 255 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 35607 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту;».