Введите номер документа
Прайс-лист

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 192 бұйрығы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 24 февраля 2020
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2026

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 192 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

1. «Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тауар чегі кітабының нысаны;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауар чегінің нысаны;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ фискалдық деректер операторының оларды мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторының деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру қағидалары бекітілсін.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами