Введите номер документа
Прайс-лист

«Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы1 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 921 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 13 декабря 2019
Статус
Утратил силу
утратил силу с 4 апреля 2022

 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 921 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 131 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1077 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 62-63, 577-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4, 1-5, 1-6-тармақтармен толықтырылсын:

«1-1. Объектілерді пайдалану кезінде осы Қағидалардың және белгіленген тәртіппен бекітілген, объектілерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары қамтылған басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау қамтамасыз етіледі.

1-2. Объектіде өрт қауіпсіздігін меншік нысандарына қарамастан, объектілердің иелері, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, сондай-ақ дара кәсіпкерлер (бұдан әрі - ұйым басшысы) қамтамасыз етеді. Ұйымдардың басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленген тәртіппен жұмыстардың жекелеген учаскелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауаптыларды тағайындайды.

1-3. Ұйым басшысы осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес әрбір объектіге қатысты (жеке тұрғын үйлерді қоспағанда) олардың өрт қауіптілігіне сәйкес келетін өртке қарсы режимді белгілейтін өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықты бекітеді.

1-4. Түтін жою жүйелерімен, өртті анықтау мен сөндірудің, өрт кезінде адамдарды құлақтандыру мен оларды эвакуациялауды басқарудың автоматты қондырғыларымен жабдықталған ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану (оның ішінде тұрғын үй-пайдалану) үшін жауапты ұйымдардың басшылары көрсетілген жүйелерді жарамды күйде ұстайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами