Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 518 қаулысы (2007.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 7 мая 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 9 августа 2012

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 және 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 518 қаулысы

(2007.02.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

1) «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi № 1235 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:

2-тармақта:

екiншi абзац «судьялар болып жұмыс iстеген адамдар» деген сөздерден кейiн «, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс iстейтiн нотариустар (мемлекеттік нотариустар)» деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:

«Сондай-ақ терiс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемiнде он жыл жұмыс iстеген, адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алуға ниет білдiрген прокурорлар, тергеушiлер және анықтаушылар аттестациялауға жатпайды.«;

4-тармақта:

екiншi абзацта:

2) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;

8) тармақшада «адвокаттық қызметпен айналысу құқығына» деген сөздер алынып тасталсын;

үшiншi абзацта «2), 4)» деген сандар алынып тасталсын;

10-тармақта «ай сайын» деген сөздер «қажеттілiгiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiне бiр рет» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетiлген қаулыға 1, 2-қосымшаларда:

«Заңгерлiк мамандығы бойынша жұмыс өтілі _______» деген жол алынып тасталсын;

2) ҚР Үкіметінің 2007.02.06. № 454 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

Д.Ахметов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами