Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы № 661 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 16 июня 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 ноября 2006

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы
№ 572 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 маусымдағы
№ 661 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1082 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Мемлекеттік органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 254-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін:

2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттік органдардың тексерулер жүргiзу ережесінде:

мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

"8-1. Адам саны 10-нан аспайтын Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттік бақылаушы органдар ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексеруi мүмкiн.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеруді уәкiлеттi мемлекеттік органдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi жүргiзбейдi.";

9-тармақтағы "30" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын;

14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң аумағына немесе үй-жайына кiру үшiн қажет болса, арнайы рұқсаттарды;";

16-тармақ алынып тасталсын;

19-тармақтағы "осы Ереженің 3-тармағында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

"19-1. Түпнұсқа бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қою мен алуға тыйым салынады. Ерекше жағдайларда олар жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ретiнде не қылмыстық iс бойынша дәлел ретiнде рұқсат етіледi.";

24-тармақ:

"шаралар" деген сөзден кейiн "және мерзiмдер" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Шағын кәсiпкерлiк субъектілерi актiнiң қандай ережелерiмен өздерiнiң келiспейтiндiгiн актіде көрсетуге құқылы.";

25-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

"25. Тексерулер аяқталғаннан кейiн мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметкерлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушілердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзушiнiң лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қояды.";

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Д.К. Ахметов































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами