Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 521 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 27 мая 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 5 апреля 2007

“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110
қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
 Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 27 мамырдағы № 521 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесінде:

466-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"466. Ағымдағы мақсатты трансферттер және мақсатты даму трансферттерi бойынша жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалары әкiмшілерiнiң қаржыландыру жоспарлары төмен тұрған бюджеттердiң тиiстi қаржыландыру жоспарларына сәйкес келмеген кезде қазынашылық органдары трансферттердi аударуды жүргiзбейдi.

Мақсатты трансферттер бойынша республикалық және жергілiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеп деректерiнде алшақтық болған жағдайда бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi бақылау объектісiнде есеп деректерiнiң растығын тексеру үшiн iшкi бақылау жөніндегі уәкілеттi органға материалдарды бередi".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом