Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 15 қыркүйектегі № 756 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 15 сентября 1992
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 августа 2005

«Қазақстан Республикасының Қытай Халық
Республикасындағы Елшiлiгiнiң мәселелерi»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
1992 жылғы 15 қыркүйектегі № 756 Қаулысы

 

 ҚР Үкіметінің 2005.27.07. № 781 қаулысымен күші жойылды

 

Қытай Халық Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық еңбекақы қоры 189327 АҚШ доллары мөлшерiнде болатын 24,75 адам шамасында бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiне айына 1039 доллар мөлшерiнде лауазымдық жалақы тағайындалсын.

Қазақстан Республикасы Елшiлiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң жалақысына қарайластырып, штат кестесiне сәйкес тағайындалсын.

3. Қытай Халық Республикасымен арадағы қатынастардың айрықша маңызы, жұмыстың күрделiлiгi мен көлемiнiң үлкендiгi ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына шетел валютасымен жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге жалақы қорының 0,5 процентi мөлшерiнде шетел валютасымен қаржы бөлiнетiн болып белгiленсiн.

5. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң 1992 жылғы шығыс сметасы 248048 АҚШ доллары және 10464148 сом мөлшерiнде бекітілсiн.

6. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне АҚШ долларымен (Республикалық валюта қорынан) және соммен (Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен) қажеттi қаржы бөлiнсiн.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом