Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қарашадағы № 1093 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 17 ноября 2007
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 января 2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 қарашадағы № 1093 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 522 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 21, 235-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Салық төлеушінің билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу жөнінде мамандандырылған аукцион өткізу ережесінде:

мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

«5-1. Біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға конкурсқа қатысуға өтінім берген жағдайда конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп таниды. Қайтадан өткізілетін конкурсқа біліктілік талаптарына сәйкес келетін бір тұлға қатысқан жағдайда, мұндай тұлға конкурс жеңімпазы болып танылады.»;

28-тармақта «салық органы бір жақты тәртіппен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом