Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1909 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 21 ноября 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 мая 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1909 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 Қаулысымен күші жойылды

 

«2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

мынадай мазмұндағы 158-1-тармақпен толықтырылсын:

«158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.»

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне «Көліктік қызмет көрсету орталығы» акционерлік қоғамынан Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 5000000000 (бес миллиард) теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінсін.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі біржолғы төлем қаражатын бөле отырып, «Көліктік қызмет көрсету орталығы» акционерлік қоғамының қызметтеріне ақы төлеуді қамтамасыз етсін.

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы заңнамада белгіленген тәртіппен «Көліктік қызмет көрсету орталығы» акционерлік қоғамының экспедиторлық компаниялармен жылжымалы құраммен астық тасымалдауды қамтамасыз етуге шарттар жасасуын қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом