Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 771 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2056 Қаулысы

Информация о документе
Датасреда, 9 декабря 2009
Статус
Действующийвведен в действие с 9 декабря 2009
Дата последнего изменениясреда, 9 декабря 2009

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 771 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 желтоқсандағы № 2056 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету мен қорғауды қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі № 771 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 409-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік шекара сызығы маусымдық (тасқындық) өзгерістерге түсетін өзеннің су ағысы бойымен өтетін жағдайда Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекараларда Мемлекеттік шекара сызығына тікелей түйісетін жер учаскелеріне қосымша - ені 30-дан 50 метрге дейін түпкі жағаға (өзен алабына түйісетін және оның үстінен көтерілетін өзенаралық су айырық кеңістігінің бір бөлігі) жапсарлас жатқан жер телімдері.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом