Все сервисы
Anyqtama
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 23 тамыздағы № 653 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 4-1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 13 тамыздағы № 359 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6463 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 5 қазандағы № 262 (26323) жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесінде және беруден бас тарту негіздерінде:
18-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«2-1) егер шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің чартерлі рейсі Қазақстан Республикасы аумағында құралатын жолаушылар тобын коммерциялық тасымалдаумен байланысты жоспарланатын болса, мыналарды қоспағанда:
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының күзетілудегі және басқа да лауазымдық тұлғаларды тасымалдауды;
Демо – версия документа