Все сервисы
Anyqtama
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
12-қосымша
«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган - жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;
2) жер учаскесі - Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

Добавить в список основных источников в Google