Все сервисы
Anyqtama
«Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 10 қарашадағы № 402 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларын, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12564 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді зарарсыздандыру қағидаларында, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар пестицидтерді қолданатын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - пайдаланушылар), пестицидтерді өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ пестицидтерді өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - жеткізушілер), сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Пайдаланушылар тыйым салынған пестицидтерді және олардан қалған ыдыстарды, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтерден қалған ыдыстарды жеткізушіге қайтаруды қамтамасыз етеді.

Добавить в список основных источников в Google