Все сервисы
Anyqtama
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 және «Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 8 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31749 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ұлттық превентивтік тетікке қатусушының өкілетігін тоқтату туралы шешімді Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша қабылдайды (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31836 болып тіркелген) (бұдан әрі - Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидалары);
14-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын 18-тармағында көзделген негіздер бойынша ұлттық алдын алу тетігіне қатысушының өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдайды.»;
Демо – версия документа