Все сервисы
Anyqtama
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 549 бұйрығы
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 1-тармағына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 1-тармағына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа