Все сервисы
Anyqtama
«Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қарашадағы № 735 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 қазандағы № 637 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37255 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 21-бабының 5) және 12) тармақшаларына, 113-бабының 2-тармағына, 122-бабының 1 және 4-тармақтарына, 510-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 21-бабының 5) және 12) тармақшасына, 510-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотын жүргізу, оның ішінде «Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке жатқызуды мен қайтаруды жүргізу» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
7 және 8 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google