Все сервисы
Anyqtama
«Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы №136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 1023 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 136 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 10592 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.»;
1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-параграф. Автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базаларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын жүргізу»;
2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Автожанармай құю станцияларында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналын ресімдеу және толтыру»;
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. 9-бағанда тауарларға ілеспе жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі.
Демо – версия документа