Все сервисы
Anyqtama
«Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы № 750 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 627 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37249 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бектітілген Салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалардың ережелері:
1) Салық кодексінің 156-бабы 2-тармағының 21) тармақшасына сәйкес, оның ішінде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомаларының дұрыстығын растау мәселесі бойынша және Салық кодексінің 156-бабы 5-тармағында көрсетілген негіздерде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін;

Добавить в список основных источников в Google