Все сервисы
Anyqtama
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.19.06. № 236 бұйрығымен (2023 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.01.08. № 287 бұйрығымен (2023 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
11-қосымша
«Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу»
мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.03.04. № 118 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы «Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының цифрлық жүйесі (бұдан әрі - ЖМБМК ЦЖ) - жүргізілуі Қазақстан Республикасының Жер кодексімен және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын цифрлық жүйе;

Добавить в список основных источников в Google