Все сервисы
Anyqtama
Бірыңғай индустрияландыру картасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 қыркүйектегі № 401 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 534 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасында:
реттік нөмірі 21-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 221-1 | Әкімшілік-өндірістік корпус базасында өндірісті оқшаулау үлесін ұлғайта отырып, көлік құралдарын құрастыру бойынша өндірістік алаң құру | «СемАЗ» ЖШС | Абай облысы | 6 000 бірлік жүк және коммерциялық техника | 2026 жыл | Абай облысы әкімдігі |
реттік нөмірі 153-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 153 | Қарағанды облысындағы «Ақмая» кен орнының негізінде сирек металдардың байыту-өндірістік кешенінің құрылысы | «Akmaya Tungsten» ЖШС | Қарағанды облысы | 200 мың тонна кен (352,8 тонна вольфрам) | 2028 жыл | Қарағанды облысы әкімдігі |
»;
реттік нөмірі 155-жол мынадай редакцияда жазылсын:
| 155 | Гидрометаллургиялық зауыттың құрылысы | «LAM 2030» ЖШС | Қарағанды облысы | 436,5 тонна аммоний паравольфраматы | 2026 жыл | Қарағанды облысы әкімдігі |
»;
реттік нөмірі 160-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 160 | Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы «Қаратас II» және «Көкзабой» кен орындары базасында түсті металдар мен темірді қайта өңдеу жөніндегі байыту-өндірістік кешені құрылысы | «Balqash Resources» ЖШС | Қарағанды облысы | Қаратас II, Көкзабой пайдалануға берілгеннен кейін жылына кемінде 1,1 млн тонна - кен (өнімдер: концентраттар - темір, мыс, молибден, қорғасын, мырыш және т. б.) | 2029 жыл | Қарағанды облысы әкімдігі |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 177-3 және 177-4-жолдармен толықтырылсын:
«
Демо – версия документа