Все сервисы
Anyqtama
«Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 593 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулыққа:
8-тармақ 1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес көрсетеді (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 19982 болып тіркелген).»;
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google