Все сервисы
Anyqtama
«Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 6 қарашадағы № 996 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:
2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшылары, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Конституциялық Сотының судьялары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;»;
3) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google