Все сервисы
Anyqtama
«Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 208 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12533 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларының қосымшасында:
9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«Еңбек кодексіне сәйкес берілген сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық емдік және диеталық профилактикалық тамақ өнімдерінің, арнайы киімнің және басқа да жеке қорғану құралдарының құны;».

Добавить в список основных источников в Google