Все сервисы
Anyqtama
«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 701 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:
3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) кәдеге жарату төлемінің енгізілгені туралы сертификат - кеңейтілген міндеттемелерді өндірушілердің (импорттаушылардың) орындағанын растайтын, ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған құжат;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мопедтерді қоспағанда, көлік құралдарын тiркеу үшін оның иелерi (иелерінің өкілдері) мыналарды:
1) жеке басты куәландыратын құжат, қағаз немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық нысанда (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
2) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі - Салық кодексі) көзделген көлік құралын тіркеу алымын және КҚТК, МТНБ бергені үшін мемлекеттік баждардың төленгенін растайтын құжаттарды.

Добавить в список основных источников в Google