Все сервисы
Anyqtama
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 ақпандағы № 92 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың және оның ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің тізбесінде:
«1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 243-1, 244, 245, 246, 247, 248, 248-1, 249, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260 және 261-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«237. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Маңғыстау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
238. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Ақтөбе станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
239. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Атырау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
240. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
241. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Орал станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
242. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Астана станциясындағы көліктегі полиция басқармасы.
243. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Қарағанды - Сұрыптау станциясындағы көліктегі полиция басқармасы.
243-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Жезқазған станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.
244. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі полиция департаментінің Көкшетау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі.

Добавить в список основных источников в Google