Все сервисы
Anyqtama
«Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 573 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсынудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9957 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 59 (27935) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлық, сұйытылған мұнай және сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу мониторингі бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган - газ өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ елді мекендердің шекаралары шегінен тыс тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді және тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Демо – версия документа