Все сервисы
Anyqtama
«Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 және «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 13 қазандағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:
3-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«3. Электр энергиясын беру саласында:
электр энергиясын беру;
ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру;
ұлттық электр желісін пайдалану.».
2. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
70 -тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
«70. Электр энергиясын беру саласындағы Қызметтерге тарифтер (ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру және ұлттық электр желісін пайдалану), формула бойынша есептелетін тариф қолданылады:
T = (Z+P)/W, мұндағы
T - электр энергиясын беру саласындағы көрсетілетін қызметтер тарифі, теңге/кВт.сағ.;

Добавить в список основных источников в Google