Все сервисы
Anyqtama
«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2026 жылғы 19 мамырдағы № 195 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын және мазмұнын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 қарашадағы № 68 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9951 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы, мазмұны және нысандары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымы, құрамы және мазмұнында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер-кадастрлық құжаттамалардың құрылымы, құрамы, мазмұны және нысандары»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты туралы мәліметтерді, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаларды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жұмыскері уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат нысанында тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Добавить в список основных источников в Google