Все сервисы
Anyqtama
Салық заңдары мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне және
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күшi бар Жарлығына
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң күшi бар Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 5 қазандағы
№ 2488 Жарлығы
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, салықтық емес заң актілері мен Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлықтарынан салық ережелерiн алып тастау мақсатында, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Жарлығының шығуына байланысты қаулы етемiн:
1. Мынадай заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. "Қазақ ССР адвокатурасы туралы Ереженi бекіту туралы" 1980 жылғы 13 қарашадағы Қазақ ССР Заңының (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1980 ж., № 48, 188, 189-құжаттар; 1991 ж., № 28, 382-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 8, 179-құжат) 19-1-бабының үшiншi бөлiгiнiң екiншi сөйлемi және 32-бабының оныншы бөлiгi алынып тасталсын.
2. "Шаруа шаруашылығы туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14, 309-құжат; 1993 ж., № 8, 183-құжат):
7-баптың 5-тармағының бірiншi абзацындағы "салық және басқа жеңiлдiктер" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеңiлдiктер" сөздерiмен алмастырылсын;
16-бап алынып тасталсын.
Демо – версия документа