Все сервисы
Anyqtama
Заң күшi бар "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң
мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1995 жылғы
7 қараша № 2606
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн:
1. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 4-бапта:
үшiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi "мемлекеттік органдарға" сөздерiмен алмастырылсын;
төртiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер" сөздерi "мемлекеттік органдар" сөздерiмен алмастырылсын.
2. 5-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында болмауға, қандай да бiр партияны жақтамауға тиiс".
3. 8-бапта:
алтыншы бөлiгiндегi "халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi" сөздерi "атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын;
сегiзiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi немесе Президентi" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдары" сөздерiмен алмастырылсын.
4. 9-бапта:
тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпыәскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi";
оныншы бөлiгi алынып тасталсын.
5. 11-бапта:
Демо – версия документа