Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қарашадағы № 1256 қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 26 ноября 2002
Статус
Действующийвведен в действие с 26 ноября 2002
Дата последнего изменениявторник, 26 ноября 2002

Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай
бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар
әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 қарашадағы № 1256 қаулысы


Қазақстан Республикасының шекарасынан өтуді мемлекеттік бақылаудың бірыңғай жүйесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) мынадай құрамда құрылсын:

      Мәсімов               - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Кәрім Қажымқанұлы       Министрінің орынбасары, төраға
      Жақыпов               - Қазақстан Республикасының Көлік
      Қабиболла Қабенұлы      және коммуникациялар бірінші
                              вице-министрі, орынбасар
      Сапарбаев             - Қазақстан Республикасы Кедендік
      Бердібек Мәшбекұлы      бақылау агенттігінің төрағасы,
                              орынбасар
      Тілемісов             - Қазақстан Республикасының
      Нұрлан Хайдоллаұлы      Кедендік бақылау агенттігі Кедендік
                              бақылау департаментінің бастығы
      Бектепов              - Қазақстан Республикасының Көлік
      Мүслім Хайдарұлы        және коммуникациялар министрлігі
                              Көліктік бақылау комитеті
                              төрағасының орынбасары
      Уажанов               - Қазақстан Республикасының
      Тұрсын Үшбайұлы         Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
                              қызметі директорының орынбасары
                              (келісім бойынша)
      Хасенов               - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Сақташ Сатыбалдыұлы     шаруашылығы министрлігі Өсімдік
                              қорғау және карантині
                              департаментінің директоры
      Мыңжанов              - Қазақстан Республикасының Ауыл
      Марат Тұрсынайұлы       шаруашылығы министрлігі
                              Ветеринария департаментінің
                              директоры
      Әбдірахманов          - Қазақстан Республикасының Қаржы
      Марат Мәулетжанұлы      министрлігі Салық комитеті
                              төрағасының орынбасары
      Әйтекенов             - Қазақстан Республикасының
      Қайрат Меңдібайұлы      Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау министрлігі Салалық
                              органдардың шығыстарын жоспарлау
                              департаментінің директоры
      Баялиев               - Қазақстан Республикасының
      Рустам Ахатханович      Индустрия және сауда министрлігі
                              Сауда қызметін реттеу, экспорттық
                              бақылау және Дүниежүзілік Сауда
                              Ұйымына ену департаментінің
                              директоры
      Байсеркин             - Қазақстан Республикасының
      Бауыржан Сәтжанұлы      Денсаулық сақтау министрлігі
                              Мемлекеттік санитарлық-
                              эпидемиологиялық қадағалау
                              комитеті төрағасының орынбасары

2. Комиссия бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының автомобильдік өткізу бекеттерінде бірыңғай бақылау-өткізу бекеттерін жайластыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлесін әрі Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом