Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілеріне арналған нысанды киім-кешек пен оларды кию құқығын пайдаланатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлері, лауазымды адамдары мен жұмыскерлері үшін нысанды киім дайындау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2002 ж. 29 желтоқсандағы № 206-ө өкімі (күші жойылды)

Информация о документе
Датавоскресенье, 29 декабря 2002
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 июня 2007

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери
құралымдарының әскери қызметшiлерiне арналған нысанды киім-кешек пен
оларды кию құқығын пайдаланатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар
қызметкерлерi, лауазымды адамдары мен жұмыскерлерi үшiн нысанды
киім дайындау мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын
құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2002 ж. 29 желтоқсандағы № 206-ө өкімі

 

ҚР Үкіметінің 2007.31.05. № 442 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiне арналған нысанды киім-кешек пен оларды кию құқығын пайдаланатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерi, лауазымды адамдары мен жұмыскерлерiне нысанды киім дайындау үшiн отандық өндiрушiлердiң өнiмiн пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:

1. Мынадай құрамда ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:

Құсайынов                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әбiлғазы Қалиакбарұлы      және сауда вице-министрi, жетекшi
Власов                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Николай Афанасьевич        вице-министрi, жетекшiнiң орынбасары
              жұмыс тобының мүшелері:
Айтуаров                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Болат Жүсiпұлы             сауда министрлігінiң Стандарттау,
                           метрология және сертификаттау жөніндегі
                           комитетi төрағасының орынбасары
Бодорин                  - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Юрий Владимирович          қауiпсiздiк комитетi бiрiншi басқармасы
                           бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Дүйсембин                - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Исхан Исләмұлы             министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi
                           комитетi төрағасының орынбасары
Жүсiпбеков               - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қуанышбек Арғынғазыұлы     полициясы агенттiгi қаржы-шаруашылық
                           басқармасының бастығы
Несонова                 - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Татьяна Сергеевна          сауда министрлігінiң Индустриалдық
                           саясат департаментi тұтыну тауарлары
                           басқармасы бастығының орынбасары
Лисовский                - "Қазақстан темір жолы" ұлттық
Александр Петрович         компаниясы" ЖАҚ Техникалық
                           департаментінің стандарттау, метрология
                           және сертификаттау басқармасы
                           метрология бөлiмiнiң бастығы
                           (келісім бойынша)
Медетбеков               - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Уәлихан Жұматұлы           бақылау агенттiгi Қаржы-шаруашылық
                           басқармасы мемлекеттік сатып алуды
                           материалдық-техникалық қамтамасыз ету
                           бөлiмiнiң бастығы
Поплавков                - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Петрович          жағдайлар жөніндегі агенттiгi
                           Мемлекеттік өртке қарсы қызмет
                           бастығының орынбасары
Собецкая                 - Қазақстан Республикасы Бас
Ольга Даниловна            прокуратурасының материалдық-техникалық
                           қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлiк
                           есеп және есеп беру бөлiмiнiң
                           бас маманы (келісім бойынша)
Сорокин                  - Қазақстан Республикасы Президентінің
Владислав Владимирович     Күзет қызметi Төртiншi департаментiнiң
                           бiрiншi басқармасы бiрiншi бөлiмiнiң
                           аға офицерi (келісім бойынша)
Оразалинов               - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Марат Зайтуллаұлы          министрлігінiң Тыл департаментi
                           бастығының орынбасары
Фролов                   - Қазақстан Республикасы Республикалық
Павел Михайлович           ұланы Тыл, техника және қару-жарақ
                           басқармасы бастығының орынбасары - тыл
                           бөлiмiнiң бастығы (келісім бойынша)
Худова                   - Қазақстан Республикасы Жеңiл өнеркәсiп
Любовь Николаевна          кәсiпорындары қауымдастығының атқарушы
                           директоры (келісім бойынша)

2. Жұмыс тобы 2003 жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне отандық өндiрушiлер өнiмдерiнiң тұтынушылық ерекшелiктерiне қойылатын талаптарды белгiлеу, оларды өндiрудi, сатып алуды және олардан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының әскери қызметшiлерiне арналған нысанды киім-кешек пен оларды кию құқығын пайдаланатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерi, лауазымды адамдары мен жұмыскерлерiне нысанды киім дайындау мүмкiндiгiн айқындау, сондай-ақ iшкi рынокты қорғаудың тарифтiк емес шаралары жөнiнде тұжырымдар мен ұсыныстар берсiн.

3. Жұмыс тобының жетекшiсiне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қажетті мамандарын оның жұмысына қатысуға тарту құқығы берiлсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министр

И.Тасмағамбетов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом