Введите номер документа
Прайс-лист

Зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1141 қаулысы (2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датачетверг, 13 ноября 2003
Статус
Действующийвведен в действие с 13 ноября 2003
Дата последнего изменениячетверг, 13 ноября 2003

Зияткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі
ынтымақтастық туралы келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың
тiзбесiн белгiлеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 13 қарашадағы № 1141 қаулысы

(2006.13.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2001 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Санаткерлiк меншiк саласындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімнiң (бұдан әрi - Келісім) 4-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ зияткерлiк меншiктi қорғау саласында келісілген нысандарды әзiрлеу және өзара iс-қимыл әдiстерiн iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 06.09.04 ж. № 936 ; 2006.13.01. № 38 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың тiзбесi мынадай болып белгiленсiн:

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі;

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті;

Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы);

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (келісім бойынша).

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі Келісімдi орындауға жауапты мемлекеттік органдардың белгiленуi туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетiне хабарласын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом