Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республакасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингі ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1240 қаулысы (2013.05.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапятница, 5 декабря 2003
Статус
Действующийвведен в действие с 5 декабря 2003
Дата последнего измененияпятница, 27 сентября 2013

Қазақстан Республакасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1240 қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң «Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн.

3. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi ғылым мен табиғат қорғау саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінiң бекiтуiне Кәсiпорынның жарғысын ұсынсын;

2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсiн;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

5. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгізiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазгидромет» және «Қазавиамет» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 7, 51-құжат):

көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:

реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын;

3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1113 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 
























































Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом