Все сервисы
Sauda
«Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 852 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 5 наурыздағы № 163 бұйрығымен күші жойылды
«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 171 және 172-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік қадағалауда тұрған адамдарды есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 11 ақпандағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3505 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2005 жылғы 4 қарашада № 204-205 (938-939) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының, Көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) сынақтар қабылдай отырып, әкімшілік полиция, криминалдық полиция, ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелері жеке құрамының осы Ережені әскери және қызметтік даярлық жүйесінде зерделеуін;
ішкі істер органдарының әкімшілік полиция, криминалдық полиция және ақпараттық-аналитикалық орталықтар бөлімшелерінің арасында әр тоқсан сайын әкімшілік қадағалау орнатылған адамдардың есебін салыстыра тексеруді, сондай-ақ жедел кеңестерде қарай отырып, рецидивтік қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың жай-күйі мен нәтижелерін талдауды ұйымдастырсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа