Все сервисы
Sauda
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 31 қазандағы № 966 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
1- тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен Министрлік құзыретіне жатқызылған басқа да салаларда.»;
7- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»;
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Министрліктің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»;
13-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) салық органының цифрлық объектілерін қалыптастыру, олардың дамуын және салық төлеушілер үшін электрондық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.»;
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды адамдарынан және өзге де адамдардан, шет мемлекеттің құзыретті органдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және оларға беру;»;
төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google