Все сервисы
Sauda
«Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 11 наурыздағы № 18 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36722 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесінде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Нормативтер) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-2-бабы төртінші бөлігінің 1-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 73-бабына сәйкес әзірленді және онда банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары үшін макропруденциялық нормативтер мен лимиттер, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Капиталдың контрциклдік буферінің нормативтік мәнінің аралығы:
Демо – версия документа