Все сервисы
Sauda
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысына және «Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2011 жылғы 4 қарашадағы № 1296 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 302 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ағымдағы ұшу жоспары (CPL) - ұсынылған ұшу жоспарындағы ықтимал өзгерістерді көрсететін ұшу жоспары, бұл өзгерістер әуе қозғалысына қызмет көрсету органының кейінгі диспетчерлік рұқсаттарымен негізделеді;»;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚҚ) маршруты - әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс легін бағыттауға арналған белгіленген маршрут. «ӘҚҚ маршруты» термині тиісті жағдайларда әуе трассасын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып шығу маршрутын және басқа да маршруттарды айқындау үшін пайдаланылады.
Демо – версия документа