Все сервисы
Sauda
«Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 маусымдағы № 492 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 877 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидаларында:
2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған мүлікті қоспағанда, терроризм актісінің салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу көрсетілген тұлғаларға (бұдан әрі - мүліктің меншік иелері) тиесілі жоғалған немесе бүлінген мүліктің құнын төлеу жолымен жүргізіледі.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен расталатын болса, мүліктің жойылуы немесе зақымдануы, терроризм актісінің жасалуы мен мүліктің жойылуы немесе зақымдануы арасында себептік байланыстың болуы мүліктің құнын өтеуге негіз болады.
4. Мүліктің құны мүліктің меншік иесіне Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 20-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 551 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін бөлу және пайдалану қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттерде ағымдағы қаржы жылына бекітілген көлем шегінде жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның ақша қаражатын төлеуі жолымен өтеледі.

Добавить в список основных источников в Google