Все сервисы
Sauda
«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 38 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
10-тармақтың 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) электр энергиясын беру, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) өткізу, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау салаларында реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсететін субъектілер үшін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспорттау, магистральдық темір жол желілері, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді контейнерлерде тасымалдау, бос контейнерлерді тасымалдау және жүктерді транзиттік тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттелетін қызметтерін қоспағанда тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті айқындау ерекшеліктерін көздейді.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа