Все сервисы
Sauda
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 20 тамыздағы № 745 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті:
мынадай мазмұндағы 146-2-тармақпен толықтырылсын:
«146-2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 2-бабының 3-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және бюджет қаражатын өзге де алушылардың (бұдан әрі - бастамашы) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бюджетті жоспарлау процесінен тыс кезде республикалық бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.
Бастамашылар Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджет қалыптастырылатын жылдың 20 маусымына дейін келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Бастамашылар Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.

Добавить в список основных источников в Google