Все сервисы
Sauda
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 381 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Адвокат, заң консультанты көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1462 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген адвокат, заң консультанты көрсететін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу туралы өтінішінің (бұдан әрі - Өтініш) негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімді заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесі арқылы жасаған адвокат көрсететін, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеуді аумақтық әділет органдары жүргізеді.»;
5-тармақтың бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтініш заң көмегінің бірыңғай цифрлық жүйесінде электрондық форматта, ал жүйедегі техникалық іркілістерге байланысты жағдайларда қағаз форматта жасалады.;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа