Все сервисы
Sauda
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 және «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы» 2023 жылғы 28 наурыздағы № 261 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы № 419 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік көмірі 50-жолда:
5-бағанда:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) «Арнайы қамтамасыз ету орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;»;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты - 5 жыл»;
реттік нөмірі 157-жолда:
5-бағанда:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты - 5 жыл»;
реттік нөмірі 158-жолда:
5-бағанда:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google