Все сервисы
Sauda
«Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 492 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидасы мен мерзімін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркелген, 2013 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған, № 286 (27560) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;»;
Демо – версия документа