Все сервисы
Sauda
«Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 қазандағы № 461 бұйрығы
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 қазандағы № 516 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы:
1) деректер базасы мен аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру, бағдарламалық қамтамасыз етуді (оның ішінде Тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және өндіру;
2) серверлік инфокоммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық нысанда сақтау және өңдеу жөніндегі қызметтер (дата-орталықтардың қызметтері);
3) жасанды иммундық және нейрондық жүйелер негізінде жаңа ақпараттық технологияларды құру;

Добавить в список основных источников в Google