Все сервисы
Sauda
«Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 37 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларында:
12 және 12-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. ЭҚА-да таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты:
1) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына (бұдан әрі - МО БКО) қосылған және Интернетке кіру мүмкіндігі жоқ жұмыс станциясындағы шифрланған дискіде;
Пайдаланушы шифрланған дискіде қызметтік ақпараттың шектеулі таралымы бар электрондық құжаттарымен (файлдармен) ғана жұмыс істейді. Құжаттарды (файлдарды) шифрланған дискінің сыртында сақтауға, сондай-ақ пайдаланушының оларды шифрланған дискіден көшіруіне (тасымалдауына) рұқсат етілмейді;
2) бұлтты сақтау орнынан электрондық құжатты (файлды) жүктеп алу мүмкіндігінсіз «жұқа клиент» үлгісіндегі шешімдерді пайдалана отырып, бұлтты сақтау орнында жасауға, өңдеуге, есепке алуға және жоюға жол беріледі.
Документ не введен в действие
Демо – версия документа