Все сервисы
Sauda
Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне
еңбекақы төлеу жүйесi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 11 қаңтардағы N 41 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 22.05.02 ж. N 550; 30.07.02 ж. N 854
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 24 қаңтардағы N 91 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;
мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.
2. Мыналар:
Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар тiзiлiмi 1-қосымшаға сәйкес;
мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22-қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
3. Мыналар:
1) мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшiн қосылатын қосымша ақылар мен үстемеақылардан; Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен көзделген өтемақылардан белгiленедi;

Добавить в список основных источников в Google